Абай облысында Антикор еріктілері 22 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының алдын алды
Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет волонтерлері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеу барысында қызметті сатып алу бағасын негізсіз көтеру фактісін анықтады.
Ақсуат аудандық жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр шаршы метр үшін 7 мың теңге төлей отырып, алаңы 600 шаршы метр болатын үй-жайды бір жыл мерзімге 50,4 млн теңге сомаға жалға алмақ болған.
Еріктілер аталған аудандағы осындай үй-жайларды жалдаудың орташа құны 3 мың теңге шамасында екенін анықтады.
Департамент араласқаннан кейін сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, жалға алу құны 3,3 мың теңгеге дейін төмендетіліп, 22,4 млн теңге сомаға бюджет қаражатын орынсыз жұмсауға жол берілген жоқ.