Cемей35°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстан Сыртқы істер Министрі Қырғызстан Президентімен кездесті

30-01-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді Бішкекке ресми сапары барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қабылдады.

Қырғызстан басшысы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, стратегиялық әріптестікті тереңдетуді, орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық өңірлік ұйымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Министр Қырғызстан Президентіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сұхбаттасын қазақ-қырғыз қатынастарының өзекті жай-күйі мен одан әрі даму перспективалары туралы хабардар етті. Одақтастық қатынастарды кеңейтуге өзара қызығушылық білдірілді.

Өңіраралық және шекара маңындағы өзара іс-қимылды нығайту, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту және түрлі салаларда бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив