Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Серік Жұманғарин Шемонаиха қаласының тұрғындарымен кездесті

20-02-2023, 11:19 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өңірлердің тұрғындарымен алғашқы кездесуін Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласында өткізді.

Вице-премьер қала тұрғындарына Үкіметтің еліміздегі негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізгі азық-түлік өнімдерінің өндірісін дамыту бойынша атқарып жатқан шаралары туралы айтып берді. Бұл өңірдің сауда желілеріндегі тұрақтандыру қорларынан көкөністердің тауарлық интервенциялары, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау, құс еті, қант, сүт және сүт өнімдерінің, тазартылған күнбағыс майының отандық өндірісінің көлемін арттыру.

Кездесу барысында «Рауш» шаруа қожалығының басшысы Александр Рауш ірі қара мен ұсақ мал терісін сату мәселесін көтерді.

«Теріні жіберітін жер жоқ. Амал жоқ болғасын, лақтыруға тура келеді. Теріні бір орталықтан қабылдауды ұйымдастыруға немесе өндірушінің терілерді қабылдау пунктіне тапсыруын заңды түрде бекітуге бола ма?» —деп сұрады кездесуге келген қала тұрғыны.

Серік Жұманғарин бұл әр өңірдегі кездесулерде жиі қойылатын сұрақтардың бірі екенін атап өтті.

«Тері экспортына қойылған шектеулер қазір мұндай шикізаттың сұранысқа ие болмай қалуына септігін тигізді. Ал бұл үшін үй шаруашылықтары мен ауыл тұрғындары ақша алуы мүмкін еді. Жақын арада біз Ведомствоаралық комиссияда Қазақстан аумағындағы теріні өңдеуге арналған мамандандырылған кәсіпорындардың мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндей етіп, тері экспортын алға қоюдың мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз», —деді вице-премьер. 

Азаматтарды қабылдау кезінде жеке кәсіпкер Ержан Дәкиев желілік дүкендердегі сауда сөрелерінің алдыңғы орындарында қазақстандық тауарлардың міндетті үлесін енгізу мүмкіндігі туралы мәселені көтерді. Жауап ретінде Серік Жұманғарин бұл жұмыстың қазірдің өзінде жүргізіліп жатқанын хабарлады. Парламент Сенатында Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекспен сауда желілері мен ірі сауда объектілеріне тауарлардың қолжетімділігін шектеуді мемлекеттік бақылау жөніндегі СИМ құзыретін көздейтін жақында қабылданған заң нормаларын үйлестіру бойынша түзетулер енгізілді. Жеке бұйрықпен Ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілетін болады.

«Бұл құжатта сауда нысандарының жұмыс схемасы нақты көрсетілген. Бұл қазақстандық өнімнің 30%-ы алдыңғы орындарда, яғни тұтынушының көз деңгейінде орналасуы керек дегенді білдіреді. Отандық өнімдерді сату алаңы мен олардың сөрелердегі үлесін 50%-ға дейін ұлғайту жөніндегі нормаға реттеушілік әсерді талдау әзірленуде», — деп түсіндірді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар 2027 жылға қарай заманауи сауда форматтарының үлесін 70%-ға дейін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде бүгін СИМ ҰЭМ-мен бірлесіп, мемлекеттік қолдау құралын іске қосу мәселесін пысықтап жатыр. Атап айтқанда, Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Өзгерістер заманауи сауда объектілері, көп функционалды кешендер құрылысы мен жаңғырту жобаларының сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін жеңілдікпен субсидиялауды көздейді. Осы орайда сауда орталықтары тарапынан жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін өткізу үшін сауда орындарын ұсыну қарсы міндеттеме болады.

Кездесуден кейін Серік Жұманғарин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив