Серік Жұманғарин іссапармен Бородулиха ауданына барды
Бородулиха ауданында 2017 жылы 300 тонна астық кептіру кешені іске қосылды. Тәулігіне бірмезетте 12 мың тоннаны сақтауға мүмкіндік береді. 2021 жылы қосымша 1 мың тонна астық кептіру кешені іске қосылып, тәулігіне бірмезетте 12 мың тоннаны сақтауға мүмкіндік берді. Жайылымдық жердің жалпы көлемі 12 мың гектарды құрайды.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шаруа қожалық басшысы Валерий Лопатинмен кездесіп, экономиканы басқа бағытта да дамыту керектігін атап өтті.
Серік Жұманғарин шаруа қожалығының басшысынан шаруашылықты жарақтандыру мәселесін де сұрап, уақытылы салымдар салу қажеттігін атап өтті, оның ішінде несиелік бағдарламаларды қолдануға кеңес берді.
Одан әрі Премьер-Министрдің орынбасары «Лазарев и К» ЖШС-де болып, өндіріспен танысты.
️Кәсіпорын басшысы Петр Лазарев алдағы күнбағыс тұқымын өңдейтін экстракция желісін орнату жобасын жүзеге асыру жоспарымен бөлісті.
Сонымен қатар кәсіпорында асылдандыру тәжірибесі сәтті жүргізіліп, қазақтың ақбас тұқымы сиырдың герефорд тұқымымен шағылыстырылды. Алынған тұқымдар қарлы және аязды қысқа төзімді, сонымен қатар аз тамақтануға бейім.
️Өндірілген астықтың бір бөлігі наубайханаларға сатылады, сондай-ақ зауытта бал ыдыстарға құйылады. Алайда кәсіпорынға жайылымдық жер жетіспейді.
Одан әрі Премьер-Министрдің орынбасары «Новая заря» ЖШС-де болды.
ЖШС қызметінің негізгі саласы өсімдік шаруашылығы және сүт-тауарлы мал шаруашылығы (асыл тұқымды ірі қара мал).
️Жалпы жер көлемі 11 мың га (егістік – 8909 га, табиғи – 91 га, жайылым – 1893,9 га және басқалары – 165,1 га).
2014 жылы 400 басқа арналған сауын алаңы бар мал шаруашылығы кешені іске қосылды, сауын алаңына шведтік DeLaval компаниясының қондырғылары орнатылды. ЖШС-де 134 адам жұмыс істейді, алайда кәсіпорын басшылығының айтуынша, еңбек ресурстары тапшы.
ЖШС 600 басқа арналған тауарлы-сүт фермасын салуды да жоспарлап отыр. Гольштин тұқымды сиырлар (сүтті бағыт) арнайы сатып алынады.
️Одан әрі Премьер-Министрдің орынбасары «Е. Зәйтенов» ШҚ-да болып, егін шаруашылығымен, сүтті мал шаруашылығымен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатын шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Шаруашылықта күнбағыс, жаздық бидай, арпа, сүрлемдік жүгері, көпжылдық шөптер өсіріледі. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісі де жұмыс істейді. Мәселен, ЖШС өз сиырының етінен шұжық шығарады.
️Кәсіпорын сондай-ақ сүзбе өнімдері мен ірімшіктерді де өндіреді. Серік Жұманғарин ірімшік цехына ерекше мән берді.