Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Нұрлан Ұранхаев Бородулиха ауданындағы бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдарын аралады

11-02-2023, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы
Абай облысының әкімі «Лазарев и К» ЖШС барды. Қазіргі уақытта онда 65 адам еңбек етуде. Шаруа қожалығында 13388 га ауыл шаруашылығы алқаптары мен 1440 бас мал бар. 
 
Шаруашылық директоры Петр Лазаревтің айтуынша, мұнда дәнді және бұршақты дақылдар, күнбағыс пен себілген шөптер өндіріледі.
 
Сондай-ақ, аймақ басшысы Новая Шульба ауылындағы «Красный Партизан» ШҚ ЖШС-де болды. Онда ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 12018,9 га құрайды. Шаруа қожалық 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. 2017 жылы мұнда «12000 тонна біржолғы сақтаумен тәулігіне 300 тоннаға астық кептіру кешені» іске қосылды. 2021 жылы қосымша «12000 тонна біржолғы сақтаумен тәулігіне 1000 тоннаға астық кептіру кешені» сатып алынды. 
 
Өңір басшысы шаруақожалықтың белсенді дамуын атап өтіп, басшылыққа жұмыс қарқынын бәсеңдетпеуін тіледі.
018.kz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив