Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
543.24 619.89 6.78

Бородулихада 400 басқа арналған сүт фермасы жұмыс істейді

11-02-2023, 13:06 Думан Кенжеғазыұлы
Бородулиха ауданына жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев 400 бас симменталды ірі қара малға арналған сүт-тауар фермасына барды. Бүгінгі таңда компания қызметінің негізгі аспектілері өсімдік шаруашылығы және сүт өнімдері болып табылады. 
 
Фирма директоры Ермек Түсіпбеков өндірілетін өнімнің негізгі түрі - күнбағыс, жаздық бидай, күздік дақылдар, сұлы, арпа, тары, рапс, бұршақ және көпжылдық шөптер екенін айтты. 
 
Жалпы жер көлемі - 12995,9 га. Фирманың автопаркі комбайндардан, тракторлардан және басқа да қажетті ауылшаруашылық техникаларынан тұрады. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайды. Фирма жылына 3000 тоннаға дейін сүт өндіруді жоспарлап отыр, майлылығы кемінде 3,8%. 
 
Облыс әкімі ферманың әлеуетін жоғары бағалап, басшыға жобаны одан әрі іске асыруға сәттілік тіледі.
018.kz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив