Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Премьер-министрдің орынбасары Семейдегі ірі сауда нысандарын аралады

18-02-2023, 18:01 Думан Кенжеғазыұлы

️Абай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин «Северный» сауда-логистикалық орталығында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне барды. Бұл жерде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен бірге сатылып жатқан өнімдермен танысып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен облыстың бизнес өкілдерімен кездесті.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің айтуы бойынша, жәрмеңкеде 4,5 тонна Бесқарағай ауданының ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде 2,6 тонна сиыр еті, 1,1 тонна жылқы еті, 300 келі қой еті, 400 келі сүт өнімдері, 100 келі шұжық өнімдері сатылды.

2023 жылғы 14 қаңтардан бастап аудандардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен 140 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеде өнімдер нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сатылуда.

Сондай-ақ Серік Жұманғарин Семей қаласында орналасқан «Адал» дүкенінде барып сөрелерде орналасқан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.

Дүкен 5-10% ең төменгі үстеме бағамен азық-түлік өнімдерін сатады. Дүкенде арзандатылған бағадағы өнімдері бар «әлеуметтік сөре» жұмыс істейді.

Сонымен қатар, министр бастаған топ «Жоламан» көтерме сауда-тарату орталығында болып, көкөніс қоймаларын аралады. Орталық 20 гектар аумақты алып жатыр, онда құрғақ қоймалар, көкөніс қоймалары, сауда алаңдары салынған. Желдеткіш және тоңазытқыш қондырғылармен жабдықталған барлығы 12 қойма бөлмесі бар. Көкөніс қоймасының жалпы сыйымдылығы 5370 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін құрайды. Сақтау мерзімі 10 айға дейін.

Приречное кентіндегі «Агрофирма Приречное» ЖШС-не барған Серік Жұманғарин және Нұрлан Ұранхаев әлеуметтік маңызы бар көкөністер сақталатын қоймаларды қарап шықты. ЖШС өсімдік шаруашылығының негізгі бағыты - голланд технологиясы бойынша картоп пен көкөніс өсіру болып табылады. Жыл сайын 7000-9000 тонна картоп, 1 800-2 000 тонна сәбіз, 2000 тонна қырыққабат, 2000 тонна пияз және 600 тонна қызылша өсіріледі.

Сонымен қоса жыл сайын 18 000 тоннаға дейін мал азығы дақылдары өсіріледі. Агрофирма 180 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив