Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Көлік министрлігінің басшысы Румыния премьер-министрінің кеңесшісімен кездесті

31-01-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

Global Gateway көлік саласындағы инвестициялар форумы аясында Брюссель қаласында Көлік министрі Марат Қарабаев Румыния премьер-министрінің мемлекеттік кеңесшісі Флорин Спатарумен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар азаматтық авиация және автокөлік салаларындағы ынтымақтастықты, қазақстандық делегацияның Румынияға сапары шеңберінде екіжақты құжаттарға қол қоюды және TMTM мен TRACEKA халықаралық дәліздерін дамытуды талқылады.

Марат Қарабаев румын инвесторларын инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп іске асыруға шақырды.

Флорин Спатару Қазақстан мен Румыния арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға қызығушылық білдіріп, уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ Көлік министрі Румыниядан келген делегацияны осы жылдың маусым айында Астанада өтетін New Silkway форумына шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив