Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

ҚР МАМ Қазақстанда волонтерлік қызметті дамыту және қолдау перспективаларын талқылады

1-02-2024, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыровтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтіп, онда волонтерлік қызметті дамыту және қолдау перспективалары талқыланды.

Отырысқа министрлік, облыс әкімдіктері, Ұлттық еріктілер желісінің өкілдері қатысты.

Данияр Қадыров Мемлекет басшысы волонтерлік және қайырымдылық дәстүрлерін нығайту бойынша кешенді қадамдарды дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойғанын атап өтті.

Осыған орай, Қазақстан Республикасында волонтерлік қызметті дамыту мен қолдаудың 2024 – 2026 жылдарға арналған Жол картасы аясындағы іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға ерекше назар аударылуда.

Сондай-ақ сарапшылар ТМД елдеріндегі волонтерлік жыл аясында жоспарланған іс-шараларды талқылады.

Осылайша, Жетісу облысында Халықаралық волонтерлік экспедиция, Солтүстік Қазақстан облысында «Волонтерлік – әлемдік тәжірибе» телекөпірі, Қостанай облысында «ТМД елдеріндегі волонтерлар қозғалысының даму перспективалары» панельдік сессиясы және т.б. жоспарланған.

Еске салайық, ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің шешімімен 2024 жыл «Волонтерлік қозғалысы жылы» болып жарияланған болатын.

Жиын барысында өңірлердің волонтерлікті қолдау туралы есептері тыңдалып, республикалық фронт-офистердің жұмысы, төтенше жағдайлардың салдарын жою саласындағы волонтерлікті дамыту қорытындылары шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив