Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Сенатта ЕАЭО елдеріндегі салық салудың тең шарттары туралы заң талқыланды

1-02-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Құжат электрондық қызметтерге қосымша құн салығын төлеу мен салық есебіне қоюдағы оңайлатылған ұлттық тетікті енгізуге бағытталған. Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, ҚҚС төлеудің ашық және айқын тетігі бар үшінші елдерге де салық салуда тең жағдай жасауға, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сенаторлардың айтуынша, заң бюджеттердің сұранысын қамтамасыз етуге, өндіріс экономикасының сипатын жақсартуға, электрондық нысанда қызмет көрсететін кәсіпорындардың табысын арттыруға және бәрінің нәтижесінде –  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

Сенаторлар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив