Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Е. Оспанов Enbek HR-дегі электрондық еңбек шарттары жүйесі туралы айтты

2-02-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов «Digital Almaty 2024: Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» форумы аясында өткен «Demo Day CDO: Invisible Government жолында» панельдік сессиясында Enbek HR порталының арқасында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі және электрондық еңбек шарттарын жасасу мүмкіндіктері туралы айтты.

Cөз басында Ербол Оспанов Enbek цифрлық экожүйесін құру мен енгізудің негізгі кезеңдері туралы хабардар етті.

«Азаматтардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қолжетімділігін арттыру үшін 2018 жылы Enbek.kz порталы іске қосылды, ол тиімді бірыңғай жүйеге айналды. Бүгінгі күні бос орындарды немесе жұмыс іздеушілерді тікелей іздеуден басқа, азаматтарға бірқатар мүмкіндіктер берілді: Skills.enbek.kz-те жаңа білім мен дағдыларға қол жеткізу, Business.enbek.kz-те кәсіпкерлерді қолдау шаралары, Career.enbek.kz – еңбек нарығында мансапты дамыту мүмкіндіктері, HR.enbek.kz еңбек шарттары порталы – және Migration.enbek.kz – көші-қон мәселелерін жылдам шешу», – деді вице-министр.

Сессия аясында Ербол Оспанов жұмыс беруші мен қызметкердің өзара іс-қимылы орын алатын HR.enbek.kz платформасының жұмыс принциптеріне егжей-тегжейлі тоқталды.

«Бүгінде елімізде 430 мыңнан астам ұйымда 6,7 млн-ға жуық жалдамалы қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, жыл сайын еңбек нарығына 230 мыңнан астам азамат қосылады, бұл ретте жыл сайын 2 млн-ға жуық адам жұмысқа орналасады. Олардың барлығы жұмыс берушіге өздері туралы қандай да бір ақпаратты ұсынуы, еңбек шарттарына қол қоюы қажет. Осы процестердің барлығын қағаз жеткізгіштерде жүзеге асыру қажеттілігін жою үшін HR Enbek платформасында жұмыс берушінің жұмысқа үміткерлердің жеке деректеріне қол жеткізу мүмкіндіктері іске асырылды. Бұл ретте қажетті құжаттарға немесе ақпаратқа сұрау салу мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесіне азаматтың рұқсатымен ғана жіберіледі.

Одан кейін жұмыс беруші еңбек шартының жобасын жібере алады, оған кандидаттың жеке кабинетіне екі тарап ЭЦҚ немесе QR көмегімен EGOV mobile мобильдік қосымшасы арқылы қол қояды. Дайын құжат HR Enbek платформасында автоматты түрде тіркеліп, оны кез келген уақытта көруге болады», – деп бөлісті ол.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив