Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік туралы кеңес өтті

20-02-2023, 14:43 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Ш. Байбековтің төрағалығымен Абай облысының білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңеске полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің қызметкерлері, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, әкімдердің орынбасарлары мен қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары қатысты.

Білім басқармасының басшысы Н. Ахметқалиев білім беру ұйымдарының қауіпсіздік жүйелерімен қамтылуы туралы хабарлады. 

- Облыстың барлық 303 мектебі 100% бейнебақылау камераларымен және дабыл түймелерімен жабдықталған. Облыстың полиция департаментінің жедел басқару орталығына шығарылуға жататын 140 мектебінің 92-сі (66%) қосылған.  Облыстағы турникеттермен және лицензияланған күзетпен жабдықталуы тиіс 77 мектептің 73-е (95%) турникеттер орнатылған және 69 (90%) мектеп лицензияланған күзет агенттіктерімен шарт жасасқан. Барлығы 218 (72%) мектеп бақылау және ескерту жүйесін жаңартуды талап етеді.  Басқарма басшысы білім беру ұйымдарын қауіпсіздік нормативтеріне сәйкестендіру үшін жергілікті бюджеттен 689,4 млн. теңге бөлінді,- деді ол.

Полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің өкілдері, аудан басшылары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы хабардар етті.

Кеңес қорытындысында қаралып отырған мәселе бойынша барлық құрылымдардың өзара іс-қимыл тетігі қаралды.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары Ш. Байбеков облыстың білім беру ұйымдарына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан мониторинг жүргізуді және барлық білім беру ұйымдарын кешенді қауіпсіздік жүйесімен жарақтандыруды уақтылы аяқтауды тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив