Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Сенат отырысының күн тәртібі бекітілді

5-02-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата Бюросының отырысын өткізді. Онда депутаттар 8 ақпанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті.

Соған сәйкес алдағы Палата отырысында сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Заң салық есебіне оңайлатылған жолмен қоюдың және электрондық қызметтерге қосылған құн салығын төлеудің ұлттық тетігін енгізуді көздейді. Сондай-ақ аталған құжат Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, ҚҚС төлеудің ашық және нақты тетігі бар үшінші елдермен де салық салудың тең жағдайларын қалыптастыруға ықпал етуге тиіс.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң да Сенат отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Заң нормалары заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл саласында Қазақстан мен Эстонияның құзыретті органдары арасында тиімді ынтымақтастықтың құқықтық негізін қалыптастыруға, Тараптар болып саналатын мемлекеттердің аумағында келу, болу, тұру шарттарын орындамайтын немесе орындауды тоқтатқан адамдарды сәйкестендірудің және қайтаруды ұйымдастырудың оңтайлы рәсімдерін белгілеуге, сондай-ақ, осындай адамдардың транзитін жеңілдетуге арналған.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив