Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Қарағандыда онкологиялық науқастарды емдеу бойынша екі заманауи жабдықталған бөлімше ашылды

6-02-2024, 16:32 Думан Кенжеғазыұлы

Қарағандыда №3 көпбейінді аурухананың базасында екі жаңа бөлімше - жөнделген ғимараттарда орналасқан Радиациялық онкология орталығы мен химиотерапиялық орталық ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Жаңа бөлімшелердің ашылу салтанатына ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. 

«Бүгін біз Қазақстан бойынша инвестиция көлемі 3 млрд теңгені құрайтын үшінші томотерапия аппаратымен жарақтандырылған Радиациялық және химиотерапиялық орталықты ашылуына қатысып жатырмыз.  Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктің қолдауымен 570 млн теңгеге брахитерапия аппараты сатып алынды. Бұл аппаратпен бірқатар онкологиялық аурулар емделеді», - деп атап өтті В.Дудник.

Қымбат томотерапия аппаратымен жабдықталған жаңа радиациялық бөлімше кез келген локализациядағы ісіктерді тиімді рентгенологиялық емдеуді қамтамасыз етеді. Заманауи құрылғылар сәулеленудің сау тіндер мен ағзаларға әсер ету қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Аурухананың басқа бөлімшесінде оңалту төсек-орындары бар тәулік бойы жұмыс істейтін 90 химиотерапия төсек-орны және 16 паллиативтік көмек көрсету орындары бар. Дәріхана, зертхана, УДЗ, ЭКГ және рентген кабинеттері орталықтың толық жұмыс істеуіне ықпал етеді. Химиотерапиялық орталықтың ашылуы емделуге мұқтаж пациенттерді емдеуге жатқызумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Химиотерапия бөлімінде ай сайын 500-ге дейін адам емделе алады.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде онкологиялық қызметтің проблемаларын шешуге және ядролық медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Ол елдегі онкологиялық аурулармен күрестегі негізгі жетістіктерді бірі ерте диагностиканың 30%-ға дейін өсуі екенін атап өтті, бұл адамдардың өмірін сақтап қалуға және бес жылдық өмір сүру шегімен пациенттердің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары жалпы сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, обырдан болатын өлім-жітімді 33%-ға және Қарағанды облысында 46%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді. Жыл сайын шамамен 30 мың онкологиялық хирургиялық операция жасалады, бейнеэндоскопиялық жабдықты қолдану арқылы жасалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін өсті. Науқастарды емдеуде қазіргі заманғы мақсатты және иммундық препараттарды енгізу оң нәтиже беретінін атап өткен жөн.

В. Дудник Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша окологиялық қызметті жаңғыртудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын еске салды. Ол диагностиканың жаңа әдістерін енгізуді, республикалық және өңірлік онкологиялық орталықтарды заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен (маммографтар, КТ, МРТ, ультрадыбыстық аппараттар, бейнеэндоскопиялық жабдықтар және басқалар) жарақтандыруды, ісікке қарсы препараттар спектрін кеңейтуді, профилактикалық іс-шаралар жүргізуді (адам папилломавирусына қарсы вакциналармен, скринингтерді жаңғыртуды) және онкологиялық кадрларды әлемдік жетекші онкологиялық орталықтарды республикалық, жергілікті бюджеттер және өзге де қаржыландыру көздерінің есебінен даярлауды көздейді.

Сонымен қатар вице-министрдің делегациясы Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға барып, компьютерлік томографпен және жаңа ангиографпен жабдықталған инсульт орталығына арналған заманауи жабдықтармен танысты, оларды сатып алу үшін қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив