Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жаңа әлеуметтік-экономикалық тұғырымыздың бастауы

7-02-2024, 13:31 018.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. 

Жиында ел экономикасының негізгі тетігі саналатын маңызды салалардың қарқыны мен дамуы кеңінен сөз болды. 

Президент Үкімет пен әкімдіктердің жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгерту қажеттігін атап өтті. Бюрократияны тоқтату қажеттігіне тоқталды. 

Әкімдердің бюджет қаражатына сеніп отыратындығын алға тартып,  инвестиция тарту мәселесін қолға алу керектігіне баса назар аударды. Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керектігін жеткізді.

Әлеуметтік сала мәселелері де назардан тыс қалмады. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға әлеуметтік көмек пен қолдау құрылымдары және механизмдерін толық қайта қарауды тапсырды. 

Жалпы, Мемлекет басшысы қойған мәселелердің барлығы өте өзекті, орынды және уақтылы көтеріліп отыр. Осы белгіленген реформалардың сәтті іске асып, ел дамуына оңтайлы үлес қосатынына кәміл сенемін.

Саяси әрі экономикалық маңызды реформалар қоғамдық гүлдену мен мемлекеттің ертеңіне үлкен үміт ұялатады. Еліміздегі қордаланған мәселелер мен оны шешу бойынша Үкімет пен әкімдерге, тиісті министрлікке бірқатар міндет жүктеуі өте орынды.

Лайым, ел жолында ұйысу – кемел келешеккке ұмтылу мақсатындағы барлық бастамаларымыз баянды болғай!

Елдің әл-ауқатын жақсарту жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбектенейік.

Жұмақсанов Шаған Манапұлы

Семей қаласының қоғамдық кеңес төрағасы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив