Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан Бельгиямен және Нидерландпен жан-жақты ынтымақтастықты арттыруға ниетті

7-02-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Бельгия Елшісі Анри Вантигеммен және Нидерланд Елшісі Нико Схермерспен кездесулер өткізді.

Бельгия дипломатымен сұхбат барысында екі ел арасындағы саяси диалогты одан әрі нығайту, экономикалық және сауда байланыстарды жандандыру мәселелері талқыланды. 2023 жылы құрылған және сауда-инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі арттыруға бағытталған екіжақты Іскерлік кеңестің оң рөлі айтылды.

Министрдің орынбасары Бельгияны Еуропа Одағы Кеңесіне төрағалығының басталуымен құттықтап, Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселесі белсенді бірлескен күш-жігермен ілгерілетілетініне сенім білдірді.

Нидерланд дипломатымен кездесуде қос тараптың сауда-инвестициялық ынтымақтастықты арттыруға, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және басқа да өзекті салалардағы өзара іс-қимылды ілгерілетуге мүдделілігі аталып өтті.

Тараптар, өткен жылдың соңында құрылып, өзара тиімді серіктестікке тың серпін беруге бағытталған Қазақстан-Нидерланды ауыл шаруашылығы комитетінің жұмысын қолдауға дайындығын білдірді.

Р.Василенко сұхбаттасушыларды Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің жаңа перспективаларын ашатын Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірлесіп дамытуға шақырды.

Кездесулер барысында Орталық Азиядағы, сонын ішінде ағымдағы жылы Астанада өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының
VI Консультативтік кездесуіне дайындық аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Р.Василенко сұхбаттасушыларды қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және т.б. салалардағы өңірлік ынтымақтастықты нығайту бойынша Қазақстанның бастамалары туралы хабардар етті. Үздік еуропалық тәжірибені назарға ала отырып, ол қазақстандық тараптың өңірде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Анықтама: Бельгия Қазақстанның ЕО-дағы маңызды сауда әріптесі. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 523,7 млн АҚШ долл. құрады (экспорт – 220,7 млн, импорт – 303 млн). 2005 жылдан бері Бельгиядан Қазақстанға инвестициялардың жалпы ағыны 12,4 млрд АҚШ долл. құрады.

Нидерланд Қазақстанның Еуропадағы бес ең ірі сауда әріптестерінің құрамына кіреді. 2023 жылы елдер арасындағы тауар айналымы 4,4 млрд АҚШ долл. құрады (экспорт – 4 млрд, импорт – 400 млн). 2005 жылдан бері Нидерландтан Қазақстанға тікелей инвестициялар 117,7 млрд АҚШ долл. құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив