Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Ұлыбритания Қазақстанға ЖЭК-те бірлескен жобаларды дамытуды ұсынады

7-02-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Ұлыбритания Елшісі Кэтрин Личпен және Ұлыбританияның Орталық Азиядағы климат мәселелері жөніндегі делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесу аясында британдық тарап 3 жылдық кезеңге жалпы қаржыландыру көлемі 19-20 млн.фунт болатын Орталық Азиядағы климат, энергетика және су қауіпсіздігі жөніндегі Ұлыбритания бағдарламасының қорын таныстырды.

Британдық делегация Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясының мақсаттары шеңберінде экономиканы біртіндеп декарбонизациялау жөніндегі жоспарларымен таныстырылды. Ұлыбритания үкіметі жаңартылатын энергетика (жел және күн энергиясы), электр желілерін күшейту, көмір станцияларын газға көшіру, сутегі энергетикасы, биогаз және көміртекті алу технологиялары (CCUS) саласында зерттеулер жүргізу бағыттарында бірлескен жобаларды дамытуға дайын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы желтоқсанда COP-28 шеңберінде айтқан метан бойынша жаһандық міндеттемеге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы шешімі төмен көміртекті технологиялық жобаларды қаржыландыруды тарту үшін мүмкіндіктерді едәуір кеңейтеді. Британдық тарап Қазақстанның осы жаһандық бастамаға қосылуының маңыздылығы мен уақтылылығын атап өтті.

Кездесу соңында Ұлыбритания делегациясы ҚР Энергетика министріне нәтижелі диалог үшін алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив