Ербол Әліқұлов ҚР МАМ вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Әліқұлов Шымкентбайұлы мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ербол Әліқұлов 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы Б. Момышұлы атындағы «Кәусар бұлақ» республикалық қайырымдылық қоры директорының орынбасары болып бастаған.
1998-2002 жылдары жеке компанияда жұмыс істеді.
2002-2005 жылдары – Алматы қ. Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімінде бас маман, бөлім басшысы, әкім орынбасары.
2006-2009 жылдары – Алматы қ. Алмалы ауданы әкімінің көмекші-кеңесшісі, әкім орынбасары.
2009-2013 жылдары – Алматы қ. Жетісу ауданының әкімі.
2013-2014 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.
2014-2017 жылдары – Алматы қ. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаменті басшысы.
2017 жылы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы болды.
2017-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
2022-2023 жылдары – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.
2023 жылдың қазан айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы болды.