Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Теміржолшылар тәулік бойы жолдарды қардан тазарту режиміне көшті

8-02-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Теміржолшылар рекордтық жауған қардың салдарын тез арада жоюда. Ақпан айындағы қарлы боран көп күттіре қойған жоқі. Кейбір учаскелердегі қар үйінділерінің биіктігі 3-4 метрге жетті. 

Өткен тәуліктің өзінде жол бойындағы қар құрсауымен күресу үшін 70 бірлік техника шығарылып, 2 мың қызметкер тартылды. 

1-7 ақпан аралығында 10 мың шақырымнан астам жол тазартылып, 114 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бастап қар жинайтын жол машиналарымен 1 932 рейс орындалды, 500 мың текше метрге жуық қар массасы шығарылды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда қалың қар мен желдің күшеюі күтілуде, оның екпіні елдің солтүстігінде секундына 30 метрге жетеді. ҚТЖ жол қызметі магистральдық жолдарды тазалаудың тәулік бойы режимі ұйымдастырылғанын атап өтті. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив