Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Асқар Жәкенов ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

9-02-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің қаулысымен Асқар Серікжанұлы Жәкенов ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Жәкенов 1975 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және «Қайнар» университетін тәмамдаған.

1998-1999 жылдары – «Каргормаш-ИТЭКС» ЖТАҚ-ында сыртқы экономикалық байланыстар, кеден және банк ісі бойынша жетекші маман, заң кеңесшісі.

1999-2002 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы.

2002-2003 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысының орынбасары.

2003-2004 жылдары – ҚР Әділет министрлігінде басқарма басшысы.

2004-2012 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2012-2013 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013-2019 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

2019-2023 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Үкіметі Аппараты басшысының орынбасары.

2023-2024 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.

2024 жылдың ақпанында ҚР Үкіметі Аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив