Абай облысы кәсіпкерлер палатасында тауары өрттен бүлінген кәсіпкерлерге арналған штаб құрылды
Абай облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Ақшын» сауда орталығында болған өрттен мүлігі өртенген кәсіпкерлердің тізімін жинап, залал мөлшерін есепке алуды жүргізіп жатыр. Қазір көмек көрсету бойынша шаралар қабылдануда.
Абай облысының кәсіпкерлер палатасы азаматтарды қабылдау, заңгерлік және бухгалтерлік кеңес беру үшін өңірлік палата жанынан жедел штаб құрды. Өңірлік палата Пушкин көшесі, 100 мекенжайында орналасқан. «Ақшын»СО кәсіпкерлері туындаған мәселелерді тиімді шешу үшін сілтеме бойынша мына форманы толтыруы қажет. Палата барлық шағымның жұмысқа қабылдануын қамтамасыз етеді.
«Кәсіпкерлерге заңгерлік және консультациялық көмек толық көрсетіледі. Біз бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы үшін пайдаланылатын алаң ұсынамыз. Бұл үшін кәсіпкерлерден нақты ахуалды біліп, қажетті көмек көлемін есептеу үшін ақпарат жинап, банктер, мемлекеттік органдардан көмек алуға ұсыныстар жасаймыз», – деп облыстың кәсіпкерлер палатасының төрағасы Мақсат Сүйшінов.
Қазіргі кезде 200-ге жуық сауалнама толтырылды. Негізгі проблемалар – несие, салықтар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру, жаңа сауда орындарын іздеу. Сондай-ақ, облыстың кәсіпкерлер палатасының төрағасы зардап шеккендерге электрон саудаға көшуді ұсынды. Ол үшін маркетплейске (электрон дүкендерге) ауысуға дайын адамдардың санын анықтау қажет. Тегін оқу өткізу жоспарланып отыр.
Кәсіпкерлер бастапқыда салық аударымдары мен несие төлемдерін жою немесе кейінге қалдыруды, мүлікті жоғалту туралы анықтама беру және өтемақы төлеуді, залалды өтеуді талап етті.
«Біз мемлекеттен алдағы аптада зардап шекендерге өртенген зат көлемінің ең кемі 10%-ын төлеуді сұраймыз. Алғашқы алты айда сауда орнын тегін беруді сұраймыз. Бұл бізге баға жетпес қолдау болмақ» – дейді «Ақшын» СО-да тауары өртенген кәсіпкерлер.
Бизнестің талап-тілегі ішінде жойылған құжаттарды мемлекеттік бажсыз қалпына келтіру және жеделдетілген тәртіппен кассалық аппараттарды есептен шығару бар. Өйткені стационарлық және бағдарламалық аппараттар өртеніп кетті.