Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
456.88 534.64 5.47

1700-ден астам оқушы республикалық олимпиаданың келесі кезеңіне өтті

20-02-2023, 19:56 Думан Кенжеғазыұлы

Биыл зияткерлік сайыс электронды форматта өтті. Жарысқа 15 мың оқушы қатысып, 1700-ден аса қатысушы республикалық кезеңде бақ сынайды.

Зияткерлік сайыс ақпан айының 13-18 аралығында өтті. «Дарын» РҒПО директорының м.а. Ғаждембек Тұрсыновтың айтуынша, ережеге сай облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 1620 қатысушы, сондай-ақ республикалық олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындарынан 88 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі Шымкент қаласында ұйымдастырылады. Наурыз айының 20-25 аралығында жаратылыстану-математикалық, 3-8 сәуір күндері қоғамдық-гуманитарлық бағытында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив