Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.02 607.55 6.5

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Түркі Академиясының штаб-пәтеріне барды

10-02-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Түркі Академиясының Президенті Шахин Мұстафаевтың шақыруымен академияның штаб-пәтеріне барды.

Ә.Бақаев Академияның ғылыми еңбектерімен, сондай-ақ оның музейі мен кітапханасымен танысты.

Тараптар кездесу барысында Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына төрағалығы кезеңіндегі ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сонымен қатар, Академияның жобалары мен орта мерзімді жұмыс жоспарларын талқылады.

Анықтама: Түркі Академиясы 2010 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасының бастамасымен құрылған. Академияны құру туралы келісімге 2012 жылғы 23 тамызда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Түркі мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің ІІ-ші саммиті барысында қол қойылды.

Мүшелері: Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия.

Бақылаушы мемлекеттер: Мажарстан, Өзбекстан.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив