Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Сәтбаев университеті мен Mассачусетс технологиялық институты бірлесіп зерттеу жүргізуді бастамақ

10-02-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Сәтбаев Университеті мен әлемдегі ең беделді техникалық жоғары оқу орындарының бірі – Массачусетс технологиялық институты (MIT, АҚШ) арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас Қазақстан экономикасының ғылыми-технологиялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған инновацияларды жасауға мүмкіндік береді.

Сәтбаев Университетінің делегациясы Массачусетс технологиялық институтына жасаған сапары барысында екі университеттің басшылығы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық қарым-қатынас жолдарын талқылады. Сәйкесінше, бірлесіп ғылыми жобалар ұйымдастыру, студенттер мен оқытушыларды алмастыру Қазақстанда білім мен ғылымды дамыту және технологиялар трансферті үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

MIT Кванттық инженерия орталығының (CQE) бағдарламасының аға менеджері Инджин Денг кванттық инженерия және ғылыми жобалар саласы бойынша ынтымақтастық перспективаларымен бөлісті. Ал коммуникациялар және бастамалар бөлімінің директоры Том Гирти Массачусетс технологиялық институтының нанотехнологиялар саласындағы бірлескен зерттеулеріне арналған зертханалық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Сондай-ақ Сәтбаев Университетін Fab Lab Network желісіне қосу туралы келісімге MIT қабырғасында қол қойылды – бұл сандық технологияларды пайдалана отырып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі инженер-зерттеушілер мен практиктерді біріктіретін халықаралық зертханалар желісі. Fab Foundation негізін қалаушы және оның жетекшісі Шерри Ласситер мен Сәтбаев Университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Мейрам Бегентаев қол қойған келісім ғалымдар мен дарынды жастарға инновациялар мен өнертабыстарға жету жолында оқу құралдарына, білімге және қаржыландыру құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әлемнің жетекші университеттерімен ынтымақтастық жасау Сәтбаев Университетіне «зерттеу арқылы оқу» қағидатын толық жүзеге асыруға, сондай-ақ болашақ инженерлердің практикалық дағдыларын дамытуға, өнертапқыштар мен зерттеушілердің күш-жігерін біріктіру үшін жақсы және тұрақты болашаққа қол жеткізуге мүмкіндік береді», – дейді Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев.

Массачусетс технологиялық институты – Америка Құрама Штаттарындағы ең беделді техникалық оқу орындарының бірі, ол әлемдегі ең ірі зерттеу инфрақұрылымы бар университет және зерттеу орталығы. QS World University Rankings университеттерінің жаһандық рейтингінде 1-орын алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив