Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
519.55 596.03 6.63

Семейде коммуналдық азық-түлік базары ашылады

12-02-2024, 13:10 018.kz

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Ақшың» сауда үйінің кәсіпкерлерімен кездесті. Жиын барысында өрттен зардап шеккен саудагерлердің бастамашыл тобы: құжаттарды алу, келісімшарттар жасау, сауда орындарын бөлу және қор құруға қатысты сұрақтарды көтерді.

Бүгінде сауда үйіндегі өрт салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы органдардар жан-жақты қолдау көрсетуде. Соның бір түрі, кәсіпкерлерге барлық қажетті құжаттар жеңілдетілген түрде ұсынылып жатыр.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер өз тауарларын сата алатын жаңа орындар қарастырылу үстінде. Сондай-ақ, кездесу барысында 2024 жылдың үшінші тоқсанында Семей қаласында коммуналдық азық-түлік базарын салу жоспарланғаны айтылды.

Сонымен қатар, облыс көлемінде мәслихат депутаттары зардап шеккен кәсіпкерлерге қор арқылы қаржылай көмек көрсетуге дайын.

Бұдан бөлек, өрттен зардап шеккен кәсіпкерлердің өтініштеріне сәйкес қосымша кеңес беру қолға алынған.

Жиын аясында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдауда зейнет жасына дейінгі азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив