Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
495.2 522.34 4.94

Үржар ауданында су тасқыны кезеңіне дайындалуда

14-02-2024, 10:27 018.kz

Қазіргі уақытта елді-мекендерден қар шығару жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күні 4404 куб. қар шығарылды. Жұмыс жалғасын табуда.

Бензин қоры - 13,7 тонна, дизельдік отын қоры - 24 тонна. Ауданда төтенше жағдай орын алған жағдайда 270 адам, 110 бірлік техника жұмылдырылады.

Сонымен қатар, арнайы техникалардан жүру өтімділігі жоғары ГТТ-21А шынжыр табанды тягач, Нива МАРШ және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің теңгерімінде Газ-66 КУНГ көлігі дайын.

2024 жылғы көктемгі су тасқыны қаупі кезеңіндеде адамдар мен елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар ауданда жалғасын табуда. Бүгінгі күнде жағдай тұрақты.

Анықтама үшін:

Үржар метеостанциясының мәліметі бойынша бүгінгі күні жазықтықтағы қардың қалыңдығы 53 см, жер қыртысының қатуы 38 см құрайды. Таудағы қардың қалыңдығы 25 қаңтар 2024 жылғы мәлімет бойынша 1580 метр биіктікте 131 см, 820 метр биіктікте 82 см.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив