Елімізде қабылданған шаралар киіктер санын тұрақтандыруға және деградацияны тоқтатуға мүмкіндік береді
Қазақстанда киіктер популяциясын сақтау және қалпына келтіру мақсатында мемлекет киіктерді қорғау және оларды есепке алу жүйесін құру жөнінде бірқатар шаралар қабылдады, бұл киіктер санын тұрақтандыруға және деградацияны тоқтатуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді.
Киіктің саны 2003 жылғы 21 мың дарадан 2023 жылы 1 млн 915 мың дараға дейін жетті. Болжамды деректер бойынша 2023 жылдың соңында киіктердің жалпы саны төлдерімен есептегенде шамамен 2,6 млн басты құрады, оның ішінде Орал популяциясы 1,5 млн бастан асады.
«Министрлік инспекторларының адал жұмысының, мемлекеттің табиғатты қорғау саясаты мен ел азаматтарының жауапкершілікті қарым-қатынасы арқасында елдегі киік популяциясының саны өздігінен өсетін ресурстар, киікті кәсіпшілік мақсатта пайдалану деңгейіне дейін қалпына келтірілді», - деді спикер.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекКиіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылдыЭкология министрлігі 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу жөніндегі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдадыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралды