Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Экология министрлігі 10 ақпаннан бастап киіктердің санын реттеу жөніндегі жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады

14-02-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Бұл Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының, халықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып жасалды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғамбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, Орал және Бетпақдала популяцияларындағы киік санының айтарлықтай көбеюінің қазіргі жағдайын, сондай-ақ Қазақстандағы киікті аулаудың тарихи тәжірибесін ескеріп, киіктер популяциясын басқару бойынша биологиялық негіздемеге сәйкес 2023 жылы Орал популяциясының төлдеу алдындағы 20% дейін, Бетпақдала популяциясын төлдеу алдындағы 15% дейін аулау қарастырылды. 

«Бүгінгі таңда киік Қазақстанда тұяқты жануарлардың ең кең тараған түрі болып табылады. Бұл ретте аңшылық шаруашылығы субъектілері жыл сайын аң аулау объектісі болып табылатын тұяқты жануарлар түрлерінің санынан осы жануарлардың популяциясына зиян келтірмей, тіркелген санның 40 пайызына дейінгі бөлігін алады. Барлық реттеу кезеңінде табиғаттан алынған киіктердің жалпы саны 42 000 асты», - деді спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив