2023 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысы бюджетінің игерілуі туралы ақпарат
2023 жылға Абай облысы бюджетінің көлемі 418 783,6 млн теңгені құрады, оның ішінде облыстық бюджет – 283 686,3 млн теңге, қалалар мен аудандар бюджеті – 135 097,3 млн теңге.
2023 жылдың қорытындысы бойынша 417 131,5 млн теңге немесе 99,6% қаражат игерілді (облыстық бюджет – 283 307,8 млн теңге (99,9%), қалалар мен аудандар бюджеті – 133 823,7 млн теңге (99,1%).
Бөлінген қаражаттың негізгі көлемі келесі салаларға бағытталды:
- Білім беру – 149 429,3 млн теңге;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 82 123,5 млн теңге;
- Көлік және коммуникация – 38 228,9 млн теңге;
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 30 181,3 млн теңге;
- Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 27 185,6 млн теңге;
- Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 18 110,2 млн теңге;
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 16 460,6 млн теңге;
- Денсаулық сақтау – 9 421,4 млн теңге;
- Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі - 9 030,7 млн теңге;
- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 8 867,5 млн теңге;
- Өзге салаларға – 28 092,5 млн теңге.
2023 жылдың қорытындысы бойынша облыс бюджетінің игеру көрсеткіші 99,6% құрады. Игерілмеген қаражат қалдығы мердігерлік ұйымдардың жұмыс жүргізу кестесінен артта қалуына байланысты, мемлекеттік сатып алу нәтижелері мен басқа да шығыстар бойынша үнемдеулер есебінен қалыптасты.
Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі