Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган өкілдері түркиялық әріптестерімен ҰБЖ дамыту саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның басшысы Ерасыл Жұманбаев Қазақстандағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТIKA) басшысы Хикмет Өзденоғлумен Ұлттық біліктілік жүйесін (бұдан әрі – ҰБЖ) дамыту бойынша бірлескен жұмыс мүмкіндіктерін талқылады.
Тараптар кәсіптік біліктілікті тану, кәсіптік стандарттар мен білім беру бағдарламаларын жақсарту мәселелерін талқылады.
Ерасыл Жұманбаев Қазақстандағы ҰБЖ-ның негізгі бағыттары мен міндеттері туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ түркиялық тәуелсіз сертификаттау орталықтарының қатысуымен «Туризм», «Қонақ үй бизнесі» және «Құрылыс» салаларында кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын құру мүмкіндіктерін зерттеуді ұсынды.
Өз кезегінде Хикмет Өзденоғлу кәсіптік біліктілікті тану саласында жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, ынтымақтастық перспективаларына оң көзқарасын білдірді.
Кездесуде TIKA қолдауымен Қазақстанда тәуелсіз сертификаттау жүйесін дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган мен түрік әріптестері арасындағы ынтымақтастықты дамыту осы бағыттағы маңызды қадам болып саналады.