Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат
Көкпекті ауданында Омбы-Майқапшағай тас жолында бір жолғы өткізуді жүзеге асыру кезінде ұйымдастырылған колоннамен 77 автокөлік қар құрсауында қалды.
Абай облысы Көкпекті ауданының жолдарында барлығы шамамен 140 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Мәселен, Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен Қалбатау ауылындағы автобустан Шерп және ТРЭКОЛ жоғары өтпелі техникаларының көмегімен 37 адам жабық учаскеден құтқарылды.
Сонымен қатар, Қалбатау ауылында әкімдігінің және қорғаныс министрлігінің тікұшақтарымен 3 рейс жүргізілді, бұл ретте 73 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылды. Олар жылыту пункттеріне орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ ұйымдастырды.
Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың 26 бірлік техникасы, 77 қызметкері, 11 маманы, 2 бірлік тікұшағы және Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.
Қалбатау және Көкпекті ауылдарында аудандық штабтар құрылды.
ТЖ орнында облыс әкімінің орынбасары Абай Димитрий Гариков және ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов бар.