Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.88 503.61 5.24

Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат

16-02-2024, 21:04 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат

Тартылған күштер мен құралдар адамдарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Барлығы 305 адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың 47 бірлік техникасы, 124 қызметкері, 2 бірлік тікұшағы, 12 маманы және Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.

Жедел штабтар жұмыс істеуде.

ТЖМ психологтарын тарта отырып, "Жедел желі" телефоны жұмысын жалғастыруда. Барлығы 600-ге жуық қоңырау түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысы ТЖД жедел желісінің телефон нөмірі: 8-72-22-35-38-31.

Жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ ұйымдастырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив