«Қазақфильм» жаңа киноөндіріс маусымын ашты
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жаңа киноөндіріс маусымын ашты.
Қазақ киносының негізін қалаған, аты аңызға айналған Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шара кино жұлдыздары, режиссерлер, продюсерлер және БАҚ өкілдерін бір алаңға жинады.
«Қазақфильм» киностудиясы заманауи қазақ киносының сан қырлылығын көрсететін, бірегей ой мен идея көтеретін тоғыз жаңа киножобасын ұсынды. Бұл жобалар Қазақстанның әлемдік кинокартадағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына маңызды үлес қоспақ. Іс-шара заманауи кинематография үшін өзекті «кино маусымы» түсінігінің маңызын айқындай түсті.
«Бүгін бастау алған «кино маусымы» киножобалардың прокаттағы кезеңдік өзгерістерін көрсетіп қана қоймайды, киноөндірістегі жылдың ең күткен, маңызды туындылары көрермен назарына ұсынылатын жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Алдағы маусым – киноиндустрия үшін Қазақстанның кинематография өнерін өрістетудегі даму тенденцияларын, жаңа есімдер мен креативті тәсілдерді анықтайтын есеп беру кезеңі», — деді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды.
Жаңа «кино маусымының» басталуы сала мамандары үшін де, қалың көрермен үшін де маңыздылығы аталып өтті. Бұл – қазақстандық киноның ұлттық мәдени мұраларды сақтап қана қоймай, жаңашылдық енгізу, дәстүрлі киноның шекарасын кеңейту арқылы белсенді дами алатын қабілетін көрсететін кез. Іс-шара аясында түрлі сала мамандарының өзара байланысы Қазақстан кинематография қоғамдастығының жаңа міндеттер мен жетістіктерге дайындығын растай отырып, қазақ киносындағы дәстүрлер мен инновацияларға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Осылайша, бұл шара қазақ киносының күнтізбесіндегі есте қаларлық дата ғана емес, сала мамандарын біріктірген, отандық киноиндустрияны одан әрі дамытуға, жаңа шығармашылық идеялар іздестіру мен жүзеге асыруға қуатты серпін берген оқиға болды.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілетін жаңа маусымдағы фильмдер:
- «Шырмауык» толықметражды көркем фильм, қоюшы режиссер – А.Шарғынов.
- «Капитан Байтасов» толықметражды көркем фильм, қоюшы режиссер — Д. Қамшыбаев.
- «Соңғы парыз» деректі фильмі, режиссерлер — А. Махмутов, А.Нарымбетов.
- «Здравствуй, добрый человек» деректі фильмі, қоюшы режиссер -Т.Итенов.
Мемлекеттің қолдауынсыз түсірілетін фильмдер:
- «Мама» толықметражды көркем фильм.
- «Сказ о розовом зайце - 2» толықметражды көркем фильм.
- «Зейін» толықметражды көркем фильм.
- «Жабайы» толықметражды көркем фильм.
- «Болмаған балалық шақ» толықметражды