Cемей-0°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Данияр Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ комитеті төрағасы болып тағайындалды

19-02-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлады.

1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д. Қонаев атындағы университетті, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы жеке меншік компанияда есепші болып бастаған. 

2010-2019 жылдары аралығында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі» ММ-де бас маман – мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бөлім бастығы, бас директордың орынбасары, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2019-2021 жылдары — «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры. 

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология жін табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив