Өсу факторлары. АШМ табиғи-климаттық, өндірістік индикаторларды және өнімді сату мүмкіндіктерін ескере отырып, өңірлер үшін Жол карталарын әзірледі
Биыл ҚР АШМ тыңайтқыштар мен техника бағасының өсуіне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, несиелердің белгіленген мөлшерлемесі бойынша шаралар қабылдап жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ басшысы Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін министрлік саланың дамуының негізгі факторларын анықтады. Олардың әрқайсысы бойынша индикаторлар әзірленіп, облыс әкімдіктеріне жіберілді. Олар табиғи-климаттық, өндірістік факторларды және өнімді сату мүмкіндіктерін ескерді. Мұның бәрі тиісті Жол картасына енгізілген.
«Біз фермерлер және әкімдіктермен бірлесіп, егіс алқаптарының құрылымын нақты әртараптандыруды жүргізу міндетін атқаруымыз қажет. 2028 - жылға қарай бидай алқаптары 855 мың гектарға қысқаруға тиіс, бірақ өнімділікті арттыру шараларын қабылдау кезінде алынатын өнімнің көлемі азаймау керек. 5 жыл ішінде қарақұмық сияқты әлеуметтік маңызы бар дақылдарды 50 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Майлы дақылдарды 2028 жылға қарай 3,7 млн гектарға дейін жеткізу қажет. Бұл өнімділіктің артуын ескере отырып, ішкі нарықты қамтамасыз етеді және экспорттық әлеуетті толық көлемде іске асырады. Сонымен қатар елге сапалы жем-шөп базасы қажет. Ол үшін 5 жыл ішінде жем-шөп алқаптарын 500 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр», – деді министр.
Оңтүстік өңірлер үшін күріш алқаптарын қысқарту бойынша индикативтер әзірленді. Биыл алдағы 5 жыл ішінде егіс алқаптарын 6 мың гектарға және 21 мың гектарға қысқарту міндеті тұр. Айта кетерлігі, мақта өсіру бойынша да осындай жұмыстар жүргізілуі керек. Нәтижесінде шамамен 1,4 млрд текше метр су үнемделеді.
Сонымен қатар 5 жылда қант қызылшасы алқаптарын 27 мың гектарға ұлғайту қажет, бұл қант құрамының деңгейін 6%-дан 45%-ға дейін арттырады. Сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызы бар дақылдардың аумағын ұлғайту жоспарлары белгіленді.