Астанада әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинар өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп журналистерге, баспасөз қызметтеріне, БАҚ және қауымдастықтар блогына арнап әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинар ұйымдастырды. Семинардың спикері ретінде Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ТЖМ, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілдері сөз сөйледі.
Тренингтің 60 қатысушысына дағдарыс жағдайындағы жұмыстың ерекшеліктері түсіндірілді. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен оның туындауы, әскери жанжал мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, төтенше жағдайлар мен соғыс қимылдары аймағында жұмыс істеген кезде журналистердің қауіпсіздігі мен өзін-өзі ұстауы, терроризмге қарсы ақпараттық әрекеттегі БАҚ-тың рөлі талқыланды.
Барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.