Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

«Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті

22-02-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Парламент Сенатында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын іске асыру аясында «Демографиялық өсу – ұлттың стратегиялық артықшылығының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Жиынға онлайн режимде Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Шалқар Байбеков пен мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов қатысты.   

Жиынды ашқан Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан сөзіне назар аударып, демографиялық даму елдің бәсегекеге қабілеттілігін арттыратын тетік ретінде үлкен рөл атқаратынын және осы әлеуетті тиімді пайдалану маңызды міндет екенін атап өтті. Осыған орай Қазақстанда Көші-қон саясаты және Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамалары қабылданды, сондай-ақ, 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары әзірленді.

Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы қарқынды демографиялық өсу жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отырғанына және осы үрдістен туындайтын түйткілдердің де бар екеніне тоқталды. Сенат Төрағасының айтуынша, урбанизация қалаларда жұмыспен қамтудың және баспананың қолжетімділігін қамтамасыз етудің өзектілігін арттыра түседі.

Бұдан бөлек, Сенат Спикері өңірлердегі әлеуметтік-демографиялық және экономикалық теңгерімсіздік мәселелеріне, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, білім деңгейін, жастардың еңбек өнімділігі мен табысын арттыруға және жас отбасыларды қолдауға ерекше назар аударды. Мәулен Әшімбаев елдің орнықты экономикалық дамуы халықтың санымен, азаматтардың тұрмыс деңгейімен және еңбек ресурстарының қолжетімділігімен тікелей байланысты екенін айтты.

Сондай-ақ Үкімет сағатына қатысушылар сөз сөйлеп, көтерілген мәселе бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив