Cемей27°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Ташкентте AgroWorld Uzbekistan 2024 ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді

22-02-2024, 16:41 018.kz

2024 жылғы 12-14 наурыз аралығында «Өзэкспорталық» Ұлттық көрме компаниясының «Ауыл шаруашылығы - AgroWorld Uzbekistan 2024» 19-шы халықаралық көрмесі өтеді.

AgroWorld Uzbekistan көрмесі ауылшаруашылық техникасы мен агроөнеркәсіптік сектор өнімдерін жетекші өндірушілер мен жеткізушілерді бір алаңға біріктіретін Өзбекстандағы ең ірі салалық көрме шарасы болып саналады. Көрмеде жаңалықтармен және соңғы трендтермен танысуға болады.

Көрме жұмысына Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Дания, Испания, Италия және т.б. 18 елден 100-ден астам компания қатысады.

Сонымен қатар, көрменің екінші күні тауар өндірушілермен мазмұнды диалог пен тікелей байланыс орнатуды көздейтін «Фермер күні» өтеді.

Көрмеге қатысуға тіркелу мына сілтеме бойынша жүргізіледі: http://bit.ly/Agro_reg

Байланыс телефоны:

Яна Иванова

Tel: + (998 71) 205 14 14

E-mail.: yana.ivanova@kongress-servis.uz

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив