СИМ Қазақстан бойынша сауда нысандарының цифрлық картасын қалыптастыруға кірісті
Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Айжан Бижанова СИМ кеңейтілген алқа аясында бизнес-қоғамдастық өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен панельдік сессияда сөз сөйледі.
Панельдік сессияға қатысушылар көп форматты сауда инфрақұрылымын дамыту: акселерация, кооперация, өз сауда маркаларын дамыту, қадағалау, нарықтарды жаңғырту және т.б. мәселелерін талқылады.
«Біздің жұмысымыз отандық тауар өндірушілер үшін өткізу арналарын кеңейтуге және сатып алушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Министрліктің негізгі міндеттерінің бірі сауданың заманауи форматтарының үлесін арттыру болып табылады», - деді Айжан Бижанова.
Сондай-ақ, Министрлік 2027 жылға дейінгі ішкі сауданы дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараларды қамтитын сауда саясатының жол картасының жобасын дайындады.
«Сауда форматтарының теңгерімін сақтау қажеттігін ескере отырып, біз қабылдайтын шаралар сауда желілерін дамытуға да, «үй жанындағы дүкендерді» дамытуға да бағытталатын болады. Бүгінде ұсақ өндірушілердің өз өнімдерін сауда желілерінің сөрелеріне шығару үшін жеткілікті құзыреті жоқ. Микро және шағын өндірушілерге қолдау көрсету үшін олардың сауда желілеріне шығуы үшін әлеуметтік-өндірістік сату акселераторларын құру мүмкіндігі қарастырылуда», - деді бірінші вице-министр.
Отандық өнімді өткізудің тағы бір шоғырландырылған нарығы кооперативтік дүкендер болуы мүмкін. Осыған байланысты СИМ бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп «үй жанындағы дүкендерді» кооперациясының ықтимал механизмдері пысықтауда.
Айжан Бижанова сондай-ақ сауда желісі мен отандық өндірістің бірігуі маркетингтік шығындарды алып тастау есебінен тауар бағасын төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Қолайлы сауда инфрақұрылымының өлшемі сауда алаңымен қамтамасыз ету болып табылатын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қамтамасыз ету нормативтері қайта қаралуда. Бұл ретте ағымдағы қажеттілік пен өңірдің ерекшелігі ескерілетін болады», - деп хабарлады бірінші вице-министр.
Сауда нысандарының сандық картасы сауда алаңдарына деген қажеттілікті дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Әр өңірдің бөлінісінде барлық базарлар, желілер, үйдің жанындағы дүкендер, олардың сауда алаңдары бойынша ақпарат болады. Картаға қол жеткізу барлық мүдделі тұлғалар үшін өз мәртебесін уақытылы жаңарту және қарсы әріптестерді іздеу үшін ашық болады.