Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
513.68 583.03 6.24

Роботтандыру тұжырымдамасы әзірленбек

22-02-2023, 09:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың төрағалығымен министрлікте Роботтандыру тұжырымдамасы талқылауға арналған жиналыс өтті.

Брейнстормингке «Қазақстандық Автоматтандыру және робототехника қауымдастығы» ЗТБ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен, «Qazindusrty» ҚИЭО» АҚ және KUKA Robotics, «Quant Robotics» ЖШС, «Global Robotic Systems» ЖШС  сияқты шет елдік роботтандыру саласындағы ірі компаниялардың өкілдері қатысты.

Талқылау барысында роботтандыру саласының басым бағыттары мен кәсіпорындардың негізгі қажеттіліктері, сондай-ақ ел үшін маңызы бар жобаларды мемлекеттік қолдаудың ықтимал шаралары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша роботтарды әртүрлі салаларда пайдалануды заңнамалық реттеу мәселесін пысықтау арқылы робот интеграторларына жағдай жасау үшін құралдарды жүйелеу туралы шешім қабылданды.

Өз кезегінде Д.Щеглова роботтандыру тұжырымдамасы біздің экономикамыздың дамуындағы маңызды қадам болып табылатынын, бұл өндірістен мультипликативтік әсер алуға мүмкіндік беретінін және елдің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив