Дайын құжаттарды алуға арналған постоматтар еліміздің тағы 12 ХҚКО-да орнатылды
Қазақстанның тоғыз облысындағы ХҚКО-да дайын құжаттарды беру постоматтары орнатылды, олар 24/7 режимінде жұмыс істейді. Азаматтар постоматтардан өз құжаттарын кез-келген ыңғайлы уақытта, тіпті жұмыстан кейін де ала алады.
Бұған дейін бұл пилоттық жоба Астана мен Алматыда енгізілген болатын. Қызмет алушылар постомат арқылы 2 мыңнан астам құжат алды. Енді Мемлекеттік корпорацияның инновациялық жобасы Шымкент, Тараз, Қордай, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Семей қалаларында орнатылды.
Айта кетейік, сервис сұранысқа ие қызметтің 11 түрі бойынша қолжетімді. Олардың ішінде баланың тууын тіркеу, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, құжаттарға апостиль қою, құқық белгілейтін құжаттардың телнұсқалары және басқалары бар.
Естеріңізге сала кетейік, дайын құжаттардың нәтижелерін алу үшін қызмет алушыларға ХҚКО-ға жүгінудің қажеті жоқ. Келген SMS-хабарламаға келісім беріп, дайын құжаттарды үйге жеткізуге тапсырыс бере алады.
Постоматтар орнатылған ХҚКО-лардын мекенжайларының тізімі:
№ |
Қала |
ХҚКО мекенжайлары |
1 |
Астана |
Керей, Жанибек хандар көш., 4 |
2 |
Астана |
Республики даңғылы, 43 |
3 |
Алматы, Медеу ауданы |
Марков көш., 44 |
4 |
Алматы, Әуезов ауданы |
Жандосов көш., 51 |
5 |
Алматы, Алатау ауданы |
Нуркент ш/а, 5/17 |
6 |
Шымкент, Әл-Фараби ауданы |
Жангелдин көш., 13А |
7 |
Шымкент, Қаратау ауданы |
Төлеметов көш., 35 |
8 |
Тараз қаласы |
Төле би даңғылы, 89Г |
9 |
Қордай қаласы |
Батыс тұрғын алабы, 25 |
10 |
Қарағанды қаласы |
Кеншілер даңғылы, 5/2 |
11 |
Қызылорда қаласы |
Астана даңғылы, 46 |
12 |
Павлодар қаласы |
Павлов көш., 48 |
13 |
Туркістан қаласы |
160 орам, 236 құрылыс |
14 |
Семей қаласы |
Папанин көш., 34А |