Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Азат Сұлтанов Global Water көрмесінде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті

23-02-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Global Water халықаралық көрмесінің «Су ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі мемлекеттік стратегия және басымдықтар» атты  стратегиялық сессиясында сөз сөйледі.

АШМ басшысының орынбасары бүгінгі таңда су үнемдеу технологияларын енгізу мәселесі ең өзекті болып табылатынын атап өтті. Суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру перспективалары суды үнемдейтін суару технологияларын кеңінен қолданумен тығыз байланысты, бұл суды және қоректік заттарды нүктелік жеткізу арқылы суды тұтынуды азайтуға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Сондықтан, АШТӨ-ні су үнемдеу технологияларын енгізуге ынталандыру мақсатында Министрлік инвестициялық субсидиялау, сондай-ақ фермерлерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді.

«Фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай - ақ су алу және беру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50% өтеу есебінен 2020 жылдан бастап су үнемдеу технологиялары енгізілген алаңдардың 91 мың гектарға ұлғаюы байқалып,  бұл алаңдардың 312,2 мың гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік берді», - деп түсіндірді Азат Сұлтанов.

Сонымен қатар Азат Сұлтанов 2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап инвестициялық субсидиялаудың жаңа ережелері күшіне енгенін айтты. Оларда суармалы жерлерде су алу және беру үшін инфрақұрылымды жүргізу кезінде фермерлердің ұңғымаларды бұрғылауға жұмсаған шығындарын өтеу үлесін 50-ден 80% ға дейін ұлғайту көзделген, онда 30% жергілікті бюджет есебінен субсидияланады.

Бұдан басқа, 2023 жылы инвестициялық субсидиялау шеңберінде суару жөніндегі жобаларды іске асыруға 18,4 млрд.теңге, ал ағымдағы жылға шамамен 14,6 млрд. теңге қарастырылған.

Қосымша фермерлерді заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру мақсатында 2023 жылғы шілдеде фермерлерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Оларға сәйкес субсидиялардың мөлшері суару әдісіне байланысты болады. Сондай-ақ, Министрлік су үнемдеу технологияларын сатып алуға және орнатуға арналған шығындарды субсидиялау нормативін 50-ден 80%-ға дейін ұлғайту жөніндегі мәселені пысықтауда, онда 30% жергілікті бюджеттен субсидияланатын болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су үнемдеу технологиялары қолданылатын суармалы жерлердің көлемін жылына 150 мың гектарға дейін ұлғайту жұмыстары күшейтілетін болады. Бұл үшін біз әрбір әкімдікке өңірлердің мүмкіндіктерін ескере отырып, осы көрсеткішті тараттық»,- деп атап өтті вице-министр.

Ылғал көп қажет ететін дақылдардың егіс алқаптарын әртараптандыруға келетін болсақ, жоспарларды жасау кезінде аймақтық ерекшеліктер мен нарықтың қажеттіліктері ескерілді.

Бұл жоспарлар облыс әкімдіктеріне жеткізілді, олар өз кезегінде барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс.

Ағымдағы жылы жеткізілген индикаторларға сәйкес күріш алаңын 6 мың гектарға қысқарту жоспарлануда, яғни 100,2 мың гектардан 94,2 мың гектарға дейін. 2028 жылға қарай күріш алаңын 79.0 мың гектарға дейін жеткізе отырып, алаң 21 мың гектарға қысқаруы тиіс.

«Басты міндет-өндірістің өзіндік құнын төмендету есебінен өндірістің рентабельділігін арттыру. Ол үшін өндіріске заманауи агротехнологияларды енгізу, оның ішінде сапалы тыңайтқыштарды, тұқымдарды, пестицидтерді, өнімді техниканы пайдалану бойынша ынталандыру шаралары жалғастырылатын болады. Біз күріштің өнімділігін арттыратын боламыз, соның арқасында күріштің жалпы түсімі төмендемейтініне сенімдімін», - деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Қорытындылай келе вице-министр су үнемдеу технологияларын енгізу мәселелеріне басымдық беріліп, министрліктің тұрақты және ерекше бақылауында екенін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив