Абай облысында жылыту маусымында өрт саны айтарлықтай төмендеді
Ағымдағы жылы жеке тұрғын үй секторында 180 өрт, ал өткен жылдың қорытындысына сәйкес – 304 өрт тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасы» бастығының орынбасары Алексей Штыкель баяндады.
- Жылыту кезеңі басталғаннан бері жеке тұрғын үй секторында 180 өрт тіркелді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Соңғы бір апта ішінде 14 өрт тіркелді, оның 7-і өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себебінен орын алды. Бұл ауа-райының қолайсыздығы мен облыс бойынша температураның күрт төмендеуіне байланысты. Сонымен қатар, ағаш конструкциялардың өртенуі мен пештің қызып кетуі жиі орын алған, – деп атап өтті Алексей Штыкель.
Құтқарушылар өрттің алдын алу, түсіндіру және көміртегі тотығын ұстайтын датчиктерді орнатуға байланысты үлкен жұмыстар жүргізуде.
- Аулаларды аралау және тексеру кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне басты назар аударылады. Облыста осы санаттағы 9 800-ден астам адам тіркелген. Біз биылғы жылы әлеуметтік осал отбасылар 100% - қамтылды,. Сондай-ақ, бекітілген жоспар бойынша көміртегі тотығы датчиктерін сатып алып, жоспарды іске асыруды жалғастырудамыз. Көптеген қалалар мен аудандардың әкімдіктері жоспарды мерзімінен бұрын орындады. Бүгінде 7 337 датчик орнатылған, қосымша тағы да 2,5 мыңнан астам датчик орнату қажет. Кеше ғана Бородулиха ауданында осындай сенсор іске қосылды. Тұрғындар дыбыстық сигналдан оянып , екі ересек және бес баланың өмірін сақтап қалдық, - деді Штыкель.
Абай облысында көміртегі тотығымен улану фактілері де тіркелген. Алайда, құтқарушылардың жүргізген профилактикалық жұмыстарының арқасында ешкім зардап шекпеді.
- Өрт қауіпсіздігімен қатар, көміртегі тотығымен улану фактілері де бар. Жыл басынан бері 9 адам көміртегі тотығымен уланған.Алайда, қаза тапқандар тіркелген жоқ. Департамент тарапынан орындалуы тиіс барлық жұмыстар жыл бойы жүргізіледі. Тамыз айынан бастап өрттің алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейміз. Бұл жұмыс жылыту маусымының соңына дейін жалғасатын болады., - деп қорытындылады спикер.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналғанН. Байбазаров: экономикалық өсу қарқынын 6%-ға дейін жеделдету – қол жеткізуге болатын мақсат