26-29 ақпан аралығында Абу-Дабиде Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) 13-ші министрлік конференциясы өтеді
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттердің сауда министрлері ағымдағы жылдың 26-29 ақпаны аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтетін 13-ші министрлер конференциясында бас қосады. Әлемдік саудадағы бұл маңызды оқиға геосаяси шиеленісті қоса алғанда, елеулі сын-қатерлер аясында өтеді.
ДСҰ-ның МК-13 күн тәртібінде халықаралық сауда күн тәртібінің оннан астам негізгі мәселелері, соның ішінде сауда және даму мәселелері, ДСҰ мәселелі сұрақтарын шешу жүйесін реформалау, ауыл шаруашылығы мәселелері, балық аулау субсидиялары, электрондық сауда, жаһандық өнеркәсіптік және жеткізу тізбектері, ДСҰ-ға қосылу және басқа да бірқатар негізгі мәселелер бар. Жиын барысында ДСҰ-ға екі жаңа мүше - Комор аралдары мен Тимор республикалары қосылады деп күтілуде.
Қазіргі заманғы сын-тегеуріндерді ескере отырып, ДСҰ-ның МК-13 күн тәртібі әлемдік сауда үшін аса маңызды оқиғаға айналуда. Бұл Министрлер үшін өсуді ынталандыру және халықаралық сауданың және жалпы әлемдік экономиканың өсуі үшін жаңа мүмкіндіктер жасау жөніндегі шараларды мақұлдау мүмкіндігі.
Қазақстанның осы келіссөздерге қатысуы әлемдік сауданы дамытуға және халықаралық алаңда елдің экономикалық мүдделерін қорғауға өзүлесін қосуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның төрағалығымен өткен министрлердің 12-ші конференциясында қол жеткізілген жетістіктер ДСҰ-ның қазіргі экономикалық дәуірдің сын-тегеуріндеріне бейімделуге және ден қоюға қабілетті екенін көрсетті.
МК-13-ті сәтті өткізу ДСҰ мүшелерінің қазіргі әлемде тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті әрі қарайғы реформаларға дайындығын растайды және сауда мен ДСҰ жаһандық белгісіздік жағдайында өмір сүру деңгейін арттыруда және тұрақтылықты қамтамасыз етуде шешуші рөл атқара алатындығының дәлелі болады.