Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

С. Жақыпова Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады

26-02-2024, 19:30 Мадина Айдарова

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі – ХЕҰ) бюросының және Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобының директоры Михаил Пушкинмен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның ХЕҰ стандарттарын қолдану жөніндегі міндеттемелерді орындауы, елдің еңбек инспекциясын жаңғырту және т.б. мәселелерін талқылады.

Келіссөз басында Светлана Жақыпова Халықаралық еңбек ұйымына әлеуметтік-еңбек саласындағы жемісті ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, бірлескен жұмыс жылдарында Қазақстан ХЕҰ-ның 25 конвенциясын ратификациялағанын, олар бойынша міндеттемелері ел заңнамасына имплементацияланғанын атап өтті.

«Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Үкімет, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктері арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған жаңа бас келісімнің әзірленген жобасы шеңберінде конвенциялардың тізбесі көзделген, оларды ратификациялауды біз әлеуметтік әріптестермен бірлесіп қарастырамыз. Жақын арада Бас келісімді қабылдауды жоспарлап отырмыз, оның негізгі міндеті қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді жасау болып табылады. Осы Келісім аясында әлеуметтік әріптестер әлеуметтік әріптестік туралы жаңа заң жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындауға келісті», – деді ЕХӘҚМ басшысы.

Бұдан басқа ХЕҰ стандарттарына сәйкестікке қол жеткізу мақсатында қазіргі уақытта Министрлік ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен бірлесіп еңбек жағдайларының қауіпсіздігін жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеуде. Қарастырылып отырған мәселелердің ішіндегі негізгі мәселелердің бірі - мемлекеттік еңбек инспекциясы бойынша жеке комитет құру болып табылады.

«Ұсынылып отырған жаңғырту Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде объективтілік пен тәуелсіздік деңгейін арттырады. Ол сондай-ақ ел кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған», – деді Светлана Жақыпова.

Еңбекминінің басшысы ҚР Үкіметі қабылдаған 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы туралы да хабарлады, ол еңбекті қорғауды басқарудың тәуекелге бағдарланған ұлттық жүйесін дамытуға бағытталған.

Сөз соңында Светлана Жақыпова еңбек саласындағы негізгі цифрлық сервистер туралы айтып, Орталық Азияның басқа елдерімен тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Михаил Пушкин ХЕҰ-ның ұсынған стандарттарын ұстанғаны және сақтағаны үшін алғыс айтып, маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін одан әрі тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив