ҚР СІМ-де қазақ-словак ынтымақтастығын нығайту перспективалары талқыланды
Астана, 2024 жылғы 26 ақпан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Словак Республикасының Қазақстандағы Елшісі Роберт Кирнаг ағымдағы жылға арналған өзекті мәселелер мен жоспарлар бойынша «сағаттарын теңестірді».
Дипломаттар өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жаңғыртуға ерекше басымдық бере отырып, Қазақстан мен Словакия арасындағы әріптестіктің дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Р. Василенко Қазақстан-Словакия үкіметаралық комиссиясы аясындағы бірлескен күш-жігерге жаңа серпін берудің маңыздылығын атап өтті. Комиссияның 10-шы отырысы биыл Астанада өтеді деп күтілуде (ҮАК тең төрағалары: қазақ тарапынан – Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев, словак тарапынан – Экономика министрлігінің мемлекеттік хатшысы Владимир Шимоняк).
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастардың әлеуетін толық іске асыру мақсатында жұмыс байланыстарын одан әрі қолдау туралы келісті.
Анықтама: Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 138,9 млн АҚШ долларын құрады (+13,3%), соның ішінде экспорт – 2,2 млн АҚШ долл., импорт – 136,7 млн АҚШ долл. Словакия статистикасы бойынша 2023 жылы 11 айында тауар айналымының көлемі 174,9 млн АҚШ долл. (+ 17%) құрады, оның ішінде Қазақстаннан Словакияға экспорт – 77,4 млн АҚШ долл. (+ 4,5%), Словакиядан ҚР-ға экспорт – 97,5 млн АҚШ долл. (+ 29,3%).
2005 жылдан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанға Словакиядан 21,5 млн АҚШ долл. тікелей инвестиция салынды.
Қазақстанда словак капиталының қатысуымен 31 кәсіпорын қызмет етеді.