Астанада The nomads’ fire жобасының премьерасы өтеді
Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда Тhe nomads’ fire жобасының премьерасы болады.
Концертке қатысушылар этно-фанк пен этно-роктың заманауи дыбыстарын қоса отырып, көшпенділердің музыкалық мұрасының аспаптық және ән туындыларын орындайды.
Бағдарламаға ALEM заманауи хореография балеті, «Сарыарқа» халықтық музыка ансамблі, филармонияның камералық хоры, эстрадалық, классикалық, халықтық вокал бөлімдерінің солистері, сондай-ақ эстрадалық-симфониялық оркестр қатысады. Сондай-ақ, қазіргі қазақ композиторлары Тоғжан Жахин, Қарағөз Гасимова, Еділ Құсайыновтың авторлық туындылары және де қазақ музыкасының інжу-маржандары – «Айқарақөз», «Екеуің-ай», «Қарай көзім» халық әндері шырқалады.
Концерт кезінде музыкалық-хореографиялық көріністің иллюстрациясы болатын суретші перформансы Live-режимде сахнадан көрсетіледі.
The nomads’ fire жобасының қоюшы режиссері — ALEM заманауи хореография балетінің көркемдік жетекшісі және елордалық филармонияның бас режиссері Бақыт Тәжинов.