Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
481.84 531.33 5.07

Орта Азиядағы ең ірі робототехника чемпионатында Абай облысы үздік үштікке енді

27-02-2024, 09:21 018.kz

Астанада робототехникадан Орталық Азиядағы ең ауқымды дода Central Asia FIRST Championship чемпионаты өтті. Абай облысы Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Дубай және Жапония елдері арасынан үздік үштікке енді.

Абай облысынан чемпионатқа 7 команда қатысты. «Ro Alemi» құрама командасы Роботтар ойыны құзыретінде 100 команда ішінен рекордты көрсеткіш көрсетіп, жеке есепте І орын иеленді. Барлық бағыт қорытындысы бойынша жалпы есепте ІІ орын иеленді. «Shanyrak» командасы маусым бойынша ІІІ орын алып, үш оқушы Шәкәрім атындағы университетінде оқуға грант жеңіп алды. «Alash» командасынан бір студент Шәкәрім атындағы университетте оқуға грант ұтып алды. «Zhas Kanat» командасы жалпы маусым бойынша ІІІ орынға ие болды. Басқа командаларға номинациялар табысталды.

Абай облысынан барған екі жетекші «Үздік ментор» номинациясымен марапатталды.

Конкурс әлемдік FIRST бағдарламасы аясында үш жас категориясы бойынша өтті: FLL Explore (6-10 жас), FLL Challenge (10-16 жас) және FIRST Tech Challenge (12-18 жас).

Айта кету керек, FIRST чемпионаттары жыл сайын түрлі тақырыптар бойынша өткізіледі. Биылғы маусым өнер тақырыбына арналды.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив