Автомобильді газ жанармай құю станциялары иелеріне
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың мақсаты республиканың қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, түрлі өнеркәсіп салаларында соның ішінде автогазжанармай құю станциялары, газ толтыру пунктілері, сондай-ақ газ толтыру станцияларында техногендік апаттардың алдын алу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті хабарлайды, ҚР 2012 жылдың 9 қаңтардағы №532-IV «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы талаптарын және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2017 жылдың 9 қазандағы № 673 бұйрығымен бекітілген «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарын» сақтау мақсатында АГЖМҚС, ГТП, ГТБ төменде көрсетілгендерді қамтамасыз етуі қажет:
- Стационарлық автомобильді газ құю станцияларында автокөлікте қолдануға арналмаған баллондарды толтыруға жол бермеу;
- Стационарлық автомобильді газ құю станциялары, газ толтыру пунктілері мен газ толтыру станциялары аумағындағы негізгі қызметімен байланысты емес жұмыстарға жол бермеу;
- Көпшілік адамдардың жиналған жерлерде ашық отты орындар мен сұйытылған мұнай газының автоцистерналары және баллондармен жүктелген көліктердің тұрағына жол бермеу;
- Газ тарату жүйесі мен газ тұтыну объектілерін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін қоса алғанда жарамды күйде ұстауды қамтамасыз ететін іс-шараларды құру қажеттілігі;
- Стационарлық автомобильді газ құю станциялары, газ толтыру пунктілері, газ толтыру станцияларының жарылыс-өрт қауіпті өндірістерді бұғаттау және дабыл беру, аварияға қарсы қорғау, өлшеу құралдары, желдету жүйелері, электр құралдары, арматура, газ құбырлары, ақауларды анықтау және технологиялық жабдықтың ақауларын уақтылы жою мақсатында әрбір ауысымды тексеру жүргізу керек.
Газбен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын ұйымдар нормативті-құқықтық актілер талаптары сақтамауының салдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаралатын болады.