28 ақпан сағат 10:00-де Мәжілістің жалпы отырысы өтеді
ҚР кейбір заңнамалық актілерін Конституция нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Депутаттар бастамашы болған ғылым туралы заң жобасы да күн тәртібінде.
Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер, сондай-ақ байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері туралы заң жобасы екінші оқылымда талқыланады.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты, зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға ден қою жөніндегі келісімді ратификациялау жобалары да қарауға ұсынылуда.
Сонымен қатар депутаттар үш жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдайды. Олар: «Жол жүрісі туралы» заңға жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер; туристік индустрияны қолдау мәселелері бойынша заң жобасы.
Тікелей эфирді parlam.kz ресми сайтынан, Мәжілістің YouTube арнасы мен Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарынан тамашалаңыз. Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызды оқи жүріңіздер.